Ата-анаға кеңес +удалить

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті

  1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
  2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
  3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
  4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
  5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта
  6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
  7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
  8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
  9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;
  10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
  11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
  12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
  13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
  14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
  15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
  16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
  17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
  18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
  19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
  20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
  21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.

Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 27.09.2006 Ж. № 509 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ҚЫСТА ЖАЙСЫЗ АУА-РАЙЫНДА БІЗДІҢ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ САБАҚТАР ТОҚТАТЫЛАДЫ. САБАҚ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БҰЙРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

  • 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
  • 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;
  • 1-11(12) сыныптарда - 35 градустан төмен болғанда;

- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері


Мектеп өміріне қатысуға;

1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, гимназия Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

  1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
  11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  13. Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
  14. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен, екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  6. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  7. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  8. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  9. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.

Мектеп формасы

Тәрбие жұмысы

 

Хаттама 1

Хаттама 2

Ата-аналар жиналысының хаттамалары №3

 

№6 Хромтау гимназиясында терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 ж.8.07 № 582

Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары

Терроризмге қарсы-іс қимыл

 

1-9.09 Абайлаңыз,балалар!
7-12.09 Отбасы-бақыт мекені
14-19.09 «Салауатты өмір салты жасасын!»
17.09 Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады
Ата-аналар жиналысы 20.08.20
Білім күні
Бірыңғай жалпы республикалық сынып сағаты туралы мәлімет
Жалпы ата-аналар жиналысы-11.09

Мектеп әкімшілігі

 

Жасағанбергенова Баян Идирисовна

№6 Хромтау гимназиясы КММ-сі директорының уақытша міңдетін атқарушы
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мамандығы: Музыка пәні мұғалімі

 

Жаржанова Жайнагуль Куандыковна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мамандығы: Физика-информатика пәні мұғалімі

m

Курманияз Асем Ыскаковна
Директордың дарынды балалар жөніндегі орынбасары
Мамандығы: биология пәні мұғалімі

 

Кушербаева Анарым Бауыржанқызы
Лауазымы: Гимназия психологы
Мамандығы: педагог-психолог

Батыргалиева Айгуль Булатовна
Ақпараттандыру жөніндегі орынбасары
Мамандығы: Ақпараттандыру жүйе

Дощанова Ақзира Қуандыққызы
Гимназия педогог ұйымдастырушы
Мамандығы: Театрландырылған көпшілік
шаралар режисёры

Алиева Айнур Асылхановна
Гимназия менеджері
Мамандығы: Ақпараттық жүйе

 

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09