Директор блогы

 

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

 

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген.Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады.  

 

  Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

 

 

 

 

 

 

Бірлігіміз берік болса бағынбайтын белес жоқ

31.01.2022
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында халықпен бетпе бет кездесіп 1 сағаттық мәлімдеме жасады. Бұған дейін қаңтар айының бесі күнгі үндеуінде «Бізге өзара сенім және өзара диалог керек» деп еді, бүгінгі мәлімдеме сол сенімді шегелеп, халықтың көңіліндегі көп күдікті сейілтті. Президентіміз бүгінгі халыққа арнаған сөзін «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» деп атады. толығырақ

-------------------

Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар,ұстаздар,жерлестер!

foto

Қыркүйек айының алғашқы күні еліміздегі ең басты жаңалық - Президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланды.

Жеті тарау,5-бастамадан тұратын жолдаудың әр тарауы еліміздің ең маңызды мәселелерін қозғады. Менің ойымша, бұл жолдау еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды десек артық айтқандық емес. Жолдауды жүзеге асыруға әрбір қазақстандық болып ат салысуымыз қажет. Сонда ғана ісімз берекелі де мерекелі болмақ. Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған көптеген жобалар нақтыланды мысалы: Зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілетіні, 800 мектептің орнына 1000 мектеп салынатындағы айтылды.

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығына қадам бастаған еліміздің басты мақсаты – тұрақтылық, тыныштық, халық тұрмысының жақсаруы, жастарымыздың болашаққа сеніммен қарауы. Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Президентіміздің "Халық тұтастығын ойласақ, менің, сенің тілің деп таразыға салмай тұтас ел болуды ойлауымыз керек" деген сөзі көпшіліктің ойын бір арнаға тоғыстырды.

Білім саласына қатысты " САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ" қамтамасыз етуге бағытталған тарауда қашықтан оқыту кезіндегі кездескен қиындықтар мен қателіктерді ашып айта отырып, білім саласы қызметкерлерінің жасаған еңбегін атап өтті. Дәстүрлі оқуға көшудің маңызын, қажеттілігін түсіндірді. Президентіміз әрқашан педагогтар қауымының әлеуметтік жағдайын, қоғамдағы орнын басты назарда ұстап келеді, осы жолы да мұғалім жалақысын арттыру туралы тоқталып өтті. Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстазын қаржылай марапаттау, «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын жүзеге асыру ұсынылды. Білім беру жүйесінің биік жетістікке жетуінің бірден бір кепілі – білімді, білікті ұстаз, сондықтан мұғалімдер қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет тегін қайта даярлық курстанрын ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Сонымен бірге 6 жасқа дейінгі барлық баланың 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз етуді міндеттеді. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.

Қасым -Жомарт Кемелұлының үнемі басты назарда ұстайтын мәселесінің бірі- дарынды балаларды қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу. Жас ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жасауды, қаржылай қолдау көрсетуді талап етті.

Президентіміз атап отырған жас ұрпақ тұлғасын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады, себебі, ұлт болашағы, еліміздің ертеңін жалғастырар жас ұрпақ бүгінде біздің алдымызда отыр. Осы орайда бұл идеяны іске асыруда, оқушылар жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі жоғары екенін біздер ұстаздар қауымы сезініп отырмыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының осы жолдауда айтқан міндеттемелерді іс жүзінде дұрыс жүзеге асыруда біздер, педагогтар қауымы аса жауапкершілікпен қараймыз. Мұғалім ретінде оқушыларға сапалы білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұлт сапасын арттыруда жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен осы Жолдауын қолдай отырып ,оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдыруға шақырамын!

--------------------

Құрметті шақырылғанқонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар,мектеп табалдырығынан ұшқалы тұрған түлектер!

         Қызығымен қиыншылығы мол тағы бір оқу жылын артқа тастап жазғы демалысқа аяқ басқалы тұрсыздар!Сіздерді Дәстүрлі оқу жылының аяқталу соңғы қоңырау салтанатымен   құттықтаймын. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың басты мүмкіндіктері» атты жолдауында Адами капитал - жаңғыру негізі деген. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін нақ айтты. Бұл - мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар болатынын «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да осында екенін де атап көрсетті. Жолдау аясында жүргізілген мазмұнды жұмыстың куәсі өздеріңсіздер.

         Биыл оқу жылын 628оқушы және 4 мектеп алды даярлық сыныбында 92 тәрбиеленушібарлығы 720 білім алушы аяқтап отыр.1-11 кластардағы 628 білім алушының 260-сы оқу озаты, 235-і оқу екпіндісі. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 78,8 % құрады.

1. Педагогикалық кеңестің шешімімен 1-4 сыныптардың 323 білім алушылары жылдық бағаларының негізінде аттестатталып келесі класқа көшірілді және оқу озаты деп анықталған 240 білім алушы Мақтау қағазына ұсынылды. Жаңартылған білім мазмұнын аяқтап отырған 5,7 класс оқушылары ТЖБ(тоқсандық жиынтық бағалау) бойынша келесі класқа көшірілді. 6,8, 10 класс білім алушыларын аралық аттестаттау үшін 26 мамырдан 31 мамырға дейін емтиханға жіберілді.

3. Негізгі орта мектеп курсын аяқтауға 9 класс бойынша 35 білім алушы үстіміздегі жылдың 30 мамырынан 9 маусымына дейін қорытынды аттестаттауға жіберілді. 9 класс бойынша Үздік аттестатқа7 үміткер анықталды.

Жалпы орта мектеп курсын аяқтап отырған 36 білім алушы 30 мамыр мен 9 маусым аралығында   қорытынды аттестаттауға жіберілді. 11 класс бойынша «Алтын белгіге» үміткер 6 оқушы, Үздік аттестатқа 7 оқушы анықталды.

Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8, 10 кластардың озат оқушылары келесі класқа емтихансыз көшірілді.

Жыл бойы оқушылар пәндік олимпиадаларға, зияткерлік, Халықаралық интеллектуаллдық ойындарға Республикалық, облыстық, қалалық жоспарланған сайыстардың барлығына дерлік қатысып өз деңгейінде жетістіктерге жетті.

9-11 кластар арасында өтетін облыстық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша үш жыл қатарынан мектебіміз «Үздік инновациялық мектеп» номинациясы бойынша марапатталды.Сондай - ақ 2,3,4 кластардан құралған командалық топ облыстық «Бастау» пәндік олимпиадасынан 1-орынды иеленді. Мектебімізде ұйымдастырылған «BilGen- OySana»/білген ой сана/менталды арифметика үйірмесінің 20 оқушысы жылдық қорытынды бойынша облыстық деңгейде ұйымдастырылған олимпидадан 10 оқушы 1 орынды иеленіп 20 маусымда республикалық кезеңіне жолдама алды.жетекшісі Бисембаева Баян. Жыл қорытындысы бойынша үздіктің үздігі атанған 93 оқушы іріктелді.Жәнеде төсбелгісі кешірек келіп Дарындылар шеруін өткізу кешіктіріліп қалды. Дей тұрғанмен оушыларымыздың төс белгісін мақтау қағазымен бірге тақтық!Соның ішінде 3-оқушы Жыл оқушысы атанды олар: Сайлаубай Әдемі 11 класс білім алушысы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың Аудандық, Облыстық жеңімпазы.

       Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының аудандық, облыстық және Республикалық жеңімпазы. Сонымен қатар «Үздік әдебиетші» номинациясының иегері. Жетекшісі: Даутова Гульмира Жубановна.

Абилхасен Абдулазиз 10 класс білім алушысы. Тарих пәні бойынша Аудандық, Облыстық және Республикалық пәндік олимпиадасының жүлдегері. Жетекшісі: Сарсенбаева Айсауле Нағашыбайқызы

және 9 класс білім алушысы Кадиржанов Ерасыл Самұрық қазына рухани жаңғыру аясындағы іс шара негізінде Тоғызқұмалақ ойынынан І орын жүлдегері және Облыстық ерлер арасындағы командалық чемпионат ІІІ орын жүлдегері. Жетекшісі: Саудин Нұрқасым Тұрарович

2012 -2013 оқу жылында гимназиямыздан түлеп ұшқан өзіміздің түлегіміз Қазбаева Гулнұр жоғарғы оқу орнын бітіріп алғашқы еңбек жолын өз мектебімізден бастады сегіз айдың ішінде «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педогогикалық олимпиадасының жеңімпазы І- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектебіміз спорттық іс-шаралардан жалпы командалық есепте ауданнан үш жыл қатарынан 1 орынды иеленіп отырмыз.

Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс күтіп тұр балаларды. Бүгін ата-аналар мен ұстаздар үшін елеулі күн болса, мектеп бітіруші түлектер үшін өте бір ұмытылмас, есте қаларлық шақ.

       Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып отыр. Осы мерекелеріңіз Астанамыздың жиырма жылдығын тойлайтын жылмен және де облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының жарлығымен «Бақытты бала» жылы аталды осы атаулы жылдармен қатар өтіп отыр. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз. Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруілеріңе тілектеспіз. Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз!
Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата - ана, білімге баулыған ұстаздарыңды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Алдағы сынықтардан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз! Ал қалғандарымызға жақсы демалыс тілейміз!

Құрметті ата аналар біздің мектептің осындай нәтижеге жетуінің бірден бір үлесі ол отбасының үлгілі тәрбиесі мен балаға деген қолдауының әрбір мектептегі шараға, қоғамдық жұмысқа белсене қатысуларыңыз арқасы, сондықтанда бараша ата-аналарымызға мектеп ұжымы атынан шексіз алғыс айтамын!

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09