Ата-анаға кеңес
1) Мектеп формасына қойылатын талаптар
Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары.
Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті
- Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
- Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
- Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
- Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
- Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта
- Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
- Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
- Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
- Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;
- Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
- Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
- Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
- Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
- Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
- Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
- Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
- Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
- Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
- Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
- Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
- Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.
Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 27.09.2006 Ж. № 509 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ҚЫСТА ЖАЙСЫЗ АУА-РАЙЫНДА БІЗДІҢ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ САБАҚТАР ТОҚТАТЫЛАДЫ. САБАҚ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БҰЙРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
- 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
- 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;
- 1-11(12) сыныптарда - 35 градустан төмен болғанда;
- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
Мектеп өміріне қатысуға;
1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, гимназия Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
- Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
- Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
- Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
- Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
- Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
- Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
- Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
- Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
- Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
- Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
- Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
- Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
- Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
- Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
- Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
- Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.
Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
- Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
- Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
- Ата-ана баласын мектеп формасымен, екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
- Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
- Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
- Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
- Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
- Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
- Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
Әрбір оқушы, ұстаз, ата-ана білуге тиісті ережелер:
1. Балаңызға қандай сайттарға кіруге болатынын, алдын ала ескертіп айтыңыз.
2. Жеке төлқұжат, мекен - жай туралы мәліметтерді тек ата-ана рұқсатымен толтырылуы керек
3. Балаңыз желіде танымайтын адаммен хат алыспауын, өзі туралы ақпарат бермеуін алдын ала ескертіп, қадағалап отырыңыз.
4. Балаға интернеттегі ақпаратты: текст, музыка, ойын және т.б рұқсатсыз қолдану, өз атымен қайталау ұрлыққа жататынын түсіндіріңіз.
5. Интернетте Сіз қасында болғанда немесе арнайы Сіз белгілеген кесте бойынша кіруін қадағалаңыз.
6. Парольдарын бөтен адамға айтпауын талап етіңіз.
7. Әлеуметтік желілерге лақап атпен отырған адаммен, жеке кездесуге болмауын алдын ала ескертіңіз.
8. Интернет арқылы компьютеріңізге вирустық шабуылдар болуы мүмкін, сондықтан вирусқа қарсы бағдарламамен жұмыс істеу ережелерін үйретіп қойыңыз.
Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) пайдалану жөніндегі ата-аналарға арналған жадынама
Сіздің балаңыздың бағалары журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілері мен оқытушылармен байланысу ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады.
1) Қалай ЭОЖ пайдаланушысы болуға болады?
Ата-аналардың есептік жазбасы (логині) оқу ісі меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізумен автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.
Ескерту:Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту қатаң ұсынылады.
2) Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?
ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:
- https://e.edu.kzсілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
- «Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз
- «ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз
- Тізімнен ата-налар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз
3) Күнделікті бағалар туралы СМС-хабарлама мен үй тапсырмасын белгілеу туралы хабарламаға қалай жазылуға болады?
Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:
- «Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
- «Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне»басу керек
- Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек
- «СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет
- Ашылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.
4) ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?
Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:
- https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
- «КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
- «ӨТУ» қосымша бетін басу керек
- Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ» таңдаңыз
- «Жаңа хабарламаға» басыңыз
- Кімге жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады
Мектептің ата-аналарымен қарым қатнас дамыту
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата
«Ата-аналар бақылауы» қызметі
Компьютерлік және интернет-технологиялардың күрт дамуы өзара қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуда өте үлкен мүмкіндіктерді ашуда. Сонымен қатар, интернет – небір қауіп-қатерлердің көзі де. Бәрінен бұрын, балаларымызды әлемдік тордың зиянды жақтарынан – агрессиядан, интернетке тәуелді болып қалудан, психологиялық қысымнан қорғай білу өте маңызды болуда.
«Ата-аналар бақылауы» қызметі балаңызды желідегі жағымсыз әсерлерден қорғауға мүмкіндік береді! Қызметті қосып, баптаудың түк те қиындығы жоқ:
Мәлімет
Дін – тәрбие діңгегі /дөңгелек үстел/
Теріс пиғылды идеологияны тұрақты қажетсінбеуді қалыптастыруға бағытталған тақырыптық кеш