Мектеп тарихы
Гимназия миссиясы - Кәсіп түрін саналы таңдауға дайын, өзгермелі қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлға қалыптастыру. Білім алушылардың қабілеттеріне қарай саралап, тереңдетіп, кеңейтіп оқытатын білім беру.
Гимназия моделі - Ұлттық және жалпы адамгершілік салт- дәстүрі бойында тұнған, кең көлемде ойлай білетін, мәдени өрісі бар, коммуникабельді, ақпаратты білімга айналдыра алатын бәсекеге қабілетті тұлға.
Гимназия девизі - Білімді адамнан – мәдениетті адамға.
№6 Хромтау гимназиясының визит карточкасы
Экономикалық жаһандану білім беруге ұлттық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудің Халықаралық нарығына тең дәрежеде кіруі үшін жаңа сапалы талаптар қояды. Елдің 2030 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық басымдылықтарын айқындаған Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «келер ғасырда экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы-адамның өзі, олардың ерік-жігері, қуаты, талаптылығы, білімі», ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болатынын атап өткен. Сондықтан елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағытының бірі-мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқаруда негізгі орындарға ие болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалды және шығармашылық әлеуетінің құнды игілігі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған инновациялық-бейімді, құзіретті және кәсіби бағдарлы жүйесін құру болып табылады. толығырақ