Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру
№6 Хромтау гимназиясының жанынан балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Нұрлы әлем» жазғы мектепшілік лагері ашылды.Лагерь ата-аналардың демеушілігімен ыстық тамақпен қамтылуда. Лагерде «Экологиялық еңбек» Эко сана апталығы бойынша «Мен өлкемді сүйемін» серуендеу, «Табиғат қалдықтарынан бұйымдар » жасау, «Бізді қоршаған әлем» ойындар, «Табиғатты аялайық» шаралар ұйымдастырылады.
Лагерь 2-топтан /«Күншуақ» тобы мен «Гүлдер » тобы / құралған-50 білім алушы демалуда. Әр топқа 1 тәрбиеші, 1 тәлімгер бекітілді. Сонымен қатар спорт нұсқаушысы мен ағылшын тілінің мұғалімі де жұмыс жасайды.
Лагердің алғашқы күні 08.30-09.00 дейін «Қайырлы күн жас өркен!» бүлдіршіндерді қарсы алумен басталды. «Шынықсаң шымыр боларсың» айдарымен таңғы жаттығу. «Тәбетіңіз ашылсын!» балалар таңғы ас ішті.Сонымен қатар балалармен «Сәлеметсізбе, бұл мен» танысу тренингі, Күн тәртібімен, қауіпсіздік ережесімен таныстыру, «Таланттарды тану» өнерлерін анықтау,«Жылы жүрек» ойыны, «Түрлі түсті көзілдірік» (күнге қараймыз) атты жоспарлы шаралар жүргізілді. Балалардың әр күні көңілді, көңіл-күйлері көтеріңкі болды.Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып,өз ойларымен бөлісе білді.Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды. «Жаксылықпен жүздесейік» атты 15.00де балаларды шығарып салу күнімен лагердің 1 күндік жұмысы қортындыланды.