Жұмыс жоспары

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жолдары жөнінде өткен кафедра отырыстарының нәтижесі бойынша жұмыс жоспары , сабақ кестесі құрылды. Бекітілген кесте бойынша күнделікті жұмыс жүргізілуде.

все фото

6.09.21 құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шаралары

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні 9-10-11 сынып білім алушыларымен қауіпсіздік шараларының алдын алу және құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты әңгіме сағат өткізілді. Білім алушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс.

Read more: 6.09.21 құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шаралары

Елбасы Жолдауын талқылау

Қыркүйек айының алғашқы күні еліміздегі ең басты жаңалық - Президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланды. №6 Хромтау гимназиясы ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап, пікірлерімен бөлісті.

Read more: Елбасы Жолдауын талқылау

Жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы

Жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы. Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Хромтау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Сагынтаев Әсет Молдағазыұлы және Хромтау ауданының ТЖБ бас маманы Оразалин Әділет №6 Хромтау гимназиясының жоғары сынып білім алушыларымен кездесті.

Read more: Жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы

Денсаулық күні

10 қыркүйек күні №6 Хромтау гимназиясында салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттау мақсатында денсаулық күні өткізілді. Аталған шараға гимназия ұжымы мен білім алушылар түгел қатысты. Денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын ұстану - тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық та, әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған түрлі спорт шаралары ұйымдастырылды. Алдымен жаппай жаттығу жасалды, 9-10-11 сыныптар арасында футбол, 5-6сыныптар арасында асық , бес тас ойындары, 7-8 сыныптар арасында эстафеталық ойын, бастауыш сыныптар арасында арқан тартыстан жарыс ұйымдастырылды. толығырақ

Орындаған: Жасаганбергенова Б.И

 

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09