ҚКМ хабарлама
Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарлама
Хромтау аудандық білім бөлімі» ММ-сі №6 Хромтау гимназиясы» КММ -не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес - «№6 Хромтау гимназиясы» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 №123) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары:
Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/71336/ 21-6-52;8/71336/ 21-6-51
Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысының м.а Н.Калниязова
Ұялы тел: 8(705)9182023
Электрондық почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
19.01.2022 жыл