ҰБТ

11 класты ҰБТ дайындық жоспары
2020-2021 қаңтар ҰБТ қорытындысы талдама

 

№6 Хромтау гимназиясының 2019-2020 оқу жылындағы қаңтар айында өткен

ҰБТ  қорытындысына

Талдама

Өткізу формасы:тестілеу.  

Өткізу мерзімі:19.01.2020ж.

ҰБТ форматы:5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).

                        Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 30 минут (210 минут)


Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалды

2019-2020 оқу жылында ҰБТ жаңа формат бойынша өткізілді. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға 11 кластан 29 оқушының 28 қатысты. Оның ішінде 5 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат үміткері болды. Класс жетекшісі: Сарсенбаева А.Н.

Қаңтар айының 19 күні 28 оқушы ҰБТ қатысты, ол 98 пайыз. 28 оқушының 15- физика пәнін, 20- математика пәнін, 3- биология, 3- химия пәнін, 7- география пәнін, 4- ағылшын тілі, 2-дүниежүзі тарихы пәнін, 1- қазақ тілі мен қазақ әдебиетін таңдау пәні ретінде тапсырды. Жалпы гимназия бойынша орташа балл 60,3.

Межелі деңгейге жетпеген 7 оқушы болды.

Ең жоғарғы балл Айбек Айболсын – 93 балл толығырақ 

11 класты ҰБТ дайындық жоспары

 

 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы «05» желтоқсан
№ 506 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

4. ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) базасында өткізіледі.

5. ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрі – Штаб) құрылады.

6. Штаб:

1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

2) ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

3) ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

8. МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі – білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.

9. Білім беру ұйымдарында:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру ұйымдарының базасында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе білім басқармаларының бастықтары тағайындалады;

2) аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары тағайындалады.

МК-нің құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҰБТ рәсімін өткізгенге дейін 2 ай бұрын бекітіледі.

10. МК:

1) жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2) жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады);

3) медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді;

4) электр көзі мен телекоммуникациялық байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) кезекшілердің құрамын қалыптастырады;

6) кезекшілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

7) қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) мен апелляциялық комиссияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

10) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және фотоаппараттар) болмауына жасалған акт бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

11) Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.

12) тестілеу өткізілген күні осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкеснысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі;

13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;

14) Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.

11. МК-ның шешімдері МК мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешуші болып саналады. толығырақ

 

1. Жалпы ережелер

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) «ҰБТ өткізу пунктінің» деректер базасын қалыптастыру;
2) «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру;
3) тестілеуді өткізуге дайындық;
4) тестілеуді өткізу;
5) апелляцияны өткізу;
6) сертификаттарды басу және тарату;
7) жұмыс бойынша есеп дайындау.
2. Осы нұсқаулық ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:
1) Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);
2) мемлекетік комиссияның;
3) ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) жетекшісінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің жетекшісі);
4) ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) инженерінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің инженері);
5) мектеп бойынша жауаптының (бұдан әрі – техникалық хатшы);
6) Білім және ғылым министрлігі өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
7) Білім және ғылым министрлігінің программисінің (бұдан әрі - Министрлік программисі);
8) апелляциялық комиссияның төрағасының;
9) Білім және ғылым министрлігі өкілдері тобының жетекшісінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері тобының жетекшісі);
10) аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі – кезекші);
11) ағымдағы жылғы мектеп бітірушілердің (бұдан әрі - бітіруші).
3. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7367 нөмірімен тіркелген) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын (бұдан әрі - Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.  толығырақ

№6 ХГ ҰБТ анықтама

№6 Хромтау гимназиясының 2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысына Талдама 

Новый формат ЕНТ 

№6 Хромтау гимназиясының 2016-2017 оқу жылында ҰБТ, ОЖСБ, PIZA - ларға дайындау алдындағы жүргізілетін шаралар жоспары

2014-2015 ҰБТ қорытында талдама

2014-2015 оқу жылы қараша айының талдамасы

№6 Хромтау гимназиясының 2013-2014 оқу жылында ҰБТ, ОЖСБ, PIZA - ларға дайындау алдындағы жүргізілетін шаралар жоспары

2013-2014 оқу жылындығы №6 гимназиясының 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы туралы анықтама (І жарты жылдық)

2018-2019 ҰБТ қорытында талдама

--------------

ОЖСБ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы «6» сәуірдегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.
3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.
8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.
9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.
10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.
11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.
14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.
15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.
16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.
17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.
Оқушыларға:
1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;
2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға
рұқсат етілмейді.

3. ОЖСБ-ны жоғары білім беру ұйымдарында өткізу

18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады.
19. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады.
20. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
21. ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндерінің циклдары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.
22. ОЖСБ кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 4 пән бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.
23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді.
24. Тестілеу оқыту тілінде, тиісінше қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
25. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жіберілген Министрліктің өкілдері жүзеге асырады.
26. Тестілеудің нәтижелері студенттердің назарына тестілеу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.

Білім жетістіктерін сырттай бақылау туралы

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау туралы

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бүр түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9-сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2(3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін жәнеөзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

ОЖСБ-ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9(10) сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4-курста) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады.

ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.
9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін ММББС-ның базалық және бейіндік пәндерінгің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

МАБ пен ОЖСБ-ның арасындағы ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады.

9-сынып оқушыларын ОЖСБ бойынша дайындау жоспары /2013-2014оқу жылы/

БҰЙРЫҚ №112 н/қ

2014 ж. « 03» қазан
«№6 Хромтау гимназиясы»ММ 

9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін
сырттай бақылауға дайындау туралы 

Оқушылардың оқу жетістігінің монитормингін жүзеге асыру мақсатында оқу үрдесін тиімді ұйымдастыруды бағалау үшін, БҰЙЫРАМЫН: 

1.ОЖСБ-ға дайындық бойынша мектеп іс-шарасының жоспарын жасап,сынақ тестілеу және консультация кестелері бекітілсін./1,2 қосымша/.
2.Пән мұғалімдері осы жылдың 11-ші қазанына дейін оқушылардың оқу жетістігін сырттай бақылауға сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін тақырыптақ жоспар жасалсын.
3.9-шы сынып жетекшісі оқушылардың тестілеуге және консультацияларға қатысуын қатал бақылаға алып,ОЖСБ ға дайындық туралы ата-аналарға мезгілінде ақпарат берілсін.
4.Мектеп психологі А.Б.Кушербаева оқушылардың психолого-педагогикалық жағдайын ОЖСБ-ға дайындық кезінде қамтамасыз етуге әсер ететін іс-шаралар жоспарын құрастырсын.
5.Мектеп әкімшілігі ай сайын ОЖСБ-ның сынақ тестілеу қорытындысын директор кеңесінде, сынып жиналысында қарап, талқыласын.
6.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау оқу ісі меңгерушісі Ж.К.Жаржановаға жүктелсін.

Гимназия директоры: Г.О. Мукашева

ОЖСБ 2018 талдама

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған дайындық жоспары /2016-2017 оқу жылы/

Нұсқаулық

Министрлік

Мектеп жауапты

Кезекшілік

Ата-анаға кеңес

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09