БАЛАҚАЙ

16 мамыр 2014 жылы мектепалды даярлық сыныптар арасында «БАЛАҚАЙ» аудандық сайыс өткізілді.

Мақсаты: балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға сұрақтар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1 – Таныстыру
2 – Логикалық тапсырмалар
3 – Блиц-турнир (1 мин сұрақтарға жауап беру)
4 – суретке қарап әңгіме, ертегі құрастыру

№6 Хромтау гимназиясынан «Ақ желкен» тобы қатысып, аудан бойынша бас жүлдеге ие болды. Жетекшілері: Максимова Гүлнұр Тлеулиевна және Досаева Шолпан Альхановна.

   
  

Жеңістерін құтты болсын! Әрқашан биіктен көріне беріңіздер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

Құрметті әріптестер

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге денсаулық тілейміз. Мерейлеріңіз үстем болсын.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар.

Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын.

Қайратты, мақсатты болыңыздар.

Еңбекте табыс, тілейміз. 

 
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагер ағалары,
жерлестер !

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіске 69 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Дендеріңіз саулық, отбасыларыңызда амандық болсын.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.


Гимназия әкімшілігі.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

«Бритиш бульдог» халықаралық интеллектуалдық ойын-сайысының нәтижесі бойынша №6 Хромтау гимназиясының 8 «ә» сынып оқушысы Балабаева Нуржамал Ақтөбе облысы бойынша ең жоғары ұпай жинап, 19 – 25 наурыз 2014 жылы Кипр аралы Паралимни қаласында көктемгі демалысын өткізді.

 

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР

Батырханова Аделя І орын

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А М Ы З ! ! !

Оқушылардың зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» IX республикалық конкурсы өтті
1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы 2014 жылдың 25 мен 27 қаңтар айында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті. Республикалық кезеңінде №6 Хромтау гимназиясының 4 «ә» класының оқушысы Батырханова Аделя орыс тілі мен әдебиеті секциясында «Что за прелесть эти сказки!» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, I - ші орынға ие болды. Жоба жетекшісі бастауыш класс мұғалімі Хасанова Гульнара Ергалиевна.

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09