Пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтау!
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығының 2-қосымшасы «Жалпы бiлiмберетiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу» қағидасы негізінде «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2014жылдың 8-9 қаңтар аралығында Республикалық олимпиаданың үшiншi кезеңiнде теориялық және эксперименттiк тапсырмаларды ойдағыдай орындапауданымыздың намысын қорғап келген жас білімпаздар, гимназиямыздың даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс білдіреміз!
|
|
|
Ермаганбетова Г.К |
Курманова К.С |
Тлеуова М.Ш |
Орыстілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
|
Физика пәнінің
мұғалімі
|
Тарих пәнінің
мұғалімі
|
|
|
|
Райымбаева М.Б |
Спанова А.С |
Жаржанова Ж.К |
Химия, биология
пәнінің мұғалімі
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
|
Информатика
пәнінің мұғалімі
|
О Б Л Ы С Т Ы Қ О Л И М П И А Д А Н Ы Ң Ж Е Ң І М П А З О Қ У Ш Ы Л А Р Ы
|
|
|
|
|
Рахметова Н |
Ералиева Г |
Көңілқошева А |
Өтеміс А.Т |
Нұралла С |
Орыс тілі пәні |
бойынша II-орын |
Физика пәні |
II-орын тарих пәні |
III - орын |
М А Қ Т А У Қ А Ғ А З Ы М Е Н М А Р А П А Т Т А Л Ғ А Н Д А Р
|
|
|
|
Жүгүніс Г |
Сайлаубай Д |
Әділхан Т |
Жайлаубай М |
10 класс |
9 класс |
11 класс |
9 класс |
Химия пәні |
Биология пәні |
Информатика |
Қазақ тілі пәні |
Құрметті ұстаздар!
Құрметті ұстаздар!Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз болашақта білім алуларыңыз бен дамуларыңызға негіз бола алсын, сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін.
Бірінші қыркүйек күні өмірлерін білім саласына арнаған барша ұстаздар қауымына ерекше көңіл аударылатын күн.Өйткені, әрбір инженердің, экономисттің, бухгалтердің, ғалымның, жұмысшының еңбегіне педагогтың сіңірген еңбегі зор. Оқушылардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Сол себептен, Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, қымбатты ұстаздар. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін. Зор денсаулық, отбасында береке, алдарыңызға талпысы мол шәкірттер мен тәрбиеленушілер, данышпан да жақсылыққа жаны құштар жандардың келуін тілеймін.
Қымбатты ата-аналар, Сіздерді тағы да шын жүректен 1 қыркүйек күнімен құттықтаймын! Бүгін Сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбастарының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайтын болады.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді тағы да Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!