Жастарының әні

  

  №6 Хромтау гимназиясы жастарының әні

Сөзі: Байгазина Сайлаубике                             Әні: Әділбек Үсенов

1.Ұшамыз талмай,
Шыңдарға самғай
Білімнің нәрін жия.
Сәулесін себер,
Шуағын төгер
Шұғылам-гимназия.

Қайырмасы:
Мектеп-сәнім,
Мектеп-әнім
Ұрпақтың мақтанышы
Ғасыр жыры
Жаңалық сыры
Елімнің қуат- күші.

2. Елінің даңқын
Көтерер халқын
Бастауым-жанға сая
Жеткізер ертең
Ұрпағын көркем
Жігерім-гимназия

3. Биікке шыңдар
Ұланын құмар
Мектебім-өзің ғана.
Беретін тәлім
Қуаныш нәрін
Мақтаным-гимназия.

4. Білімнің дәні
Ұрпақтың сәні
Болашақ-нұрлы ұя.
Бақыттың досы
Ғылымның басы
Тынысым-гимназия.  

Жастар керек

Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек

 

Сарсенгалиев Мұрат        Класы: 9 класс

Жетістігі:

  • Республикалық «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары одағының президенті Е. Дмитриенконың Грамотасымен марапатталды.2009 жыл.
  • Облыстық КҒА- ның ғылыми жобалар сайысының жүлдегері, ІІІ дәрежелі диплом.
  • Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының бірнеше мәрте жүлдегері, өлеңдері қала әкімшілігінің «Ақ қауырсын» жинағына енгізілген.
  • Аудандық КТК ойынының жүлдегері

ХХІ ҒАСЫР МЕКТЕБІ

ХХІ ҒАСЫР МЕКТЕБІ – ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗДЫ БИІК ҰСТАЙТЫН, ӘЛЕМДІК БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ ӨЗІНДІК ОРНЫ БАР КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ


Экономикалық жаһандану білім беруге ұлттық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудің Халықаралық нарығына тең дәрежеде кіруі үшін жаңа сапалы талаптар қояды. Елдің 2030 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық басымдылықтарын айқындаған Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «келер ғасырда экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы-адамның өзі, олардың ерік-жігері, қуаты, талаптылығы, білімі», ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болатынын атап өткен. Сондықтан елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағытының бірі-мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқаруда негізгі орындарға ие болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалды және шығармашылық әлеуетінің құнды игілігі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған инновациялық-бейімді, құзіретті және кәсіби бағдарлы жүйесін құру болып табылады.

Орныққан жаңа үлгідегі мектепті енгізу және дәстүрлі білім беруде жаһанданудың талаптарына жауап беруге дайын, ерте жетілген кәсіби бағдарлы, өздігінен білімін жетілдіруін бағдарлаушы, мемлекеттегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау мақсатында 2009 жылдың 24 желтоқсанында аудан халқының талай жылғы арманы - № 6 білім ордасының алып ғимараты Хромтау қаласының шәкірттеріне есігін айқара ашты. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының бастығы Аманғали Құдайбергенов және аудан әкімі Жеткерген Оралмағамбетов келді. Республикалық бюджеттің 807 млн. теңге қаржысына салынған 504 орындық үлкен мектеп. Бір айырмашылық - үш қабатты мектепке мүмкіндіктері шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы етіп, лифт орналастырылған. Бұған қоса, мұнда арнайы құралдармен жабдықталған дәрігерлік пункт бар. Сондай-ақ гимназияда 100 орындық асхана, 330 орындық акт залы, үлкен кітапхана, спорт залы және компьютер, лингафон кабинеттері бар. Толып жатқан оқу кабинеттері шәкірттердің бір ауысыммен оқуына жағдай жасайды. Оқу кабинеттері жаңа жиһаздармен, оқу құралдарымен жабдықталған.

Гимназияның алғашқы қонағы сенат депутаты Амиров Иран Амирұлы ұжымға шығармашылық табыс тілей отырып, ұлттық рухымызды биік ұстайтын, әлемдік білім кеңістігінде өзіндік орны болатын киелі шаңырақ болатынына сенім білдірді.

Гимназияда бүгінгі таңда барлығы 463 білім алушы білім алуда.

42-ұстаз сабақ береді. Мектепті алғаш ашылған күнінен бастап білгір де білікті басшы «Астана 10 жыл», медалінің иегері Мукашева Гулмараш Орынбасарқызы басқарып келеді.

Мектеп тарихы

 

1. Мектеп паспорты

Гимназия миссиясы - Кәсіп түрін саналы таңдауға дайын, өзгермелі қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлға қалыптастыру. Білім алушылардың қабілеттеріне қарай саралап, тереңдетіп, кеңейтіп оқытатын білім беру.

Гимназия моделі - Ұлттық және жалпы адамгершілік салт- дәстүрі бойында тұнған, кең көлемде ойлай білетін, мәдени өрісі бар, коммуникабельді, ақпаратты білімга айналдыра алатын бәсекеге қабілетті тұлға.

Гимназия девизі - Білімді адамнан – мәдениетті адамға.

№6 Хромтау гимназиясының визит карточкасы

Экономикалық жаһандану білім беруге ұлттық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудің Халықаралық нарығына тең дәрежеде кіруі үшін жаңа сапалы талаптар қояды. Елдің 2030 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық басымдылықтарын айқындаған Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «келер ғасырда экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы-адамның өзі, олардың ерік-жігері, қуаты, талаптылығы, білімі», ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болатынын атап өткен. Сондықтан елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағытының бірі-мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқаруда негізгі орындарға ие болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалды және шығармашылық әлеуетінің құнды игілігі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған инновациялық-бейімді, құзіретті және кәсіби бағдарлы жүйесін құру болып табылады. толығырақ 

 Гимназияның ашылуы

Гимназия кабинеттері

Жастар керек

№6 Хромтау гимназиясының алғашқы түлектері Түлектер-2010

№6 Хромтау гимназиясы жастарының әні 

Мектеп визиткасы

№6 Хромтау гимназиясының визит карточкасы 

  • Заңды тұлға атауы: «№6 Хромтау гимназиясы» Мемлекеттік Мекемесі
  • Мекен жайы: Хромтау қаласы Ауэзов көшесі -12б
  • Мектеп телефоны: 8(71336)78-8-28 вахта, қабылдау бөлімі 27-7-52, директор: 27-7-40.
  • Салынған жылы: 26.12.2009 жыл.
  • Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі: №185-1904 ММ 14 қазан 2009 жылдан
  • Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Лицензия: АБ №0030010 11.12.2009 жылдан
  • Жер учаскісінің кадастрлік нөмірі: 02-040-004-000
  • Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 061600212301
  • Директордың аты жөні: Мукашева Гулмараш Орынбасаровна
  • Білімі: жоғары
  • Педагогикалық еңбек өтілі: 35

Мектептің жалпы мәліметтері:

  • Жер телімінің ауданы – 3.14 га
  • Құрылыс ауданы: 4450,9
  • Жалпы аудан: 11311,6
  • Ғимарат көлемі: 39383
  • Негізгі ауданы: 31400
  • Қосымша бөлмелер ауданы:
  • Қабаттылығы: 3
  • Жылу жүйесінің түрі: орталықтандырылған
  • Сумен қамтамасыз ету – орталықтандырылған
  • Мектептің жобалық қуаттылығы: 504 орын
  • Білім беру тілі: Қазақ
  • Мектептің оқушыларының саны: 463 оқушы
  • Мектеп алды дайындық – 62
  • Жиынтық сыныптар саны: 19
  • Мектеп алды дайындық сыныптары: 2
  • Мұғалімдер саны 42
  • Техникалық персонал саны: 46
  • Мектептің жұмыс уақыты:
           жұмыстың басталуы:   8 - 00 мин
           жұмыстың аяқталуы: 18 - 00 мин
  • Ауысым саны: 1

Мектептің материалдық техникалық базасы:

  1. Сынып бөлмелерінің саны – 46
  2. ЭЕМ–н жұмыс істеуге арналған орындар саны: 31
  3. Ағаш және металлдарды өңдеуге арналған оқу шеберханаларының саны: 2
  4. Маталарды өңдеуге және аспаздық бойынша оқу орындарының саны: 2
  5. Оқу орындары: 16
  6. Акт зал - 330 орындық
  7. Спорт зал - 521м/кв
  8. Кітапхана - 143м/кв

 

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09