Тәуелсіздік күні құтты болсын

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 23 жыл да өте шықты.

Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Ал, Тәуелсіздіктің 23 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты – мемлекеттілік пен Қазақстан халқы бірлігін нығайту және базалық құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландыру. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайту болып табылады. Тәуелсіздік мерекесін, ұлттық құндылықтарымызда насихаттау. Атаулы мереке әр ұйымда, әр мекемеде әр түрлі деңгейде өткізіліп келеді, біздің ұйым бұл айтулы меркені төл мереке ретінде атап өттік.Барлық Қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық,қажымас қайрат,талмас талап тілейміз! №6 Хромтау гимназиясы ұжымы.

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09