Биыл

 

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1-30 тамыз аралығында «Балаларға мейірімділік сыйла!» ұранымен өтеді.

 

Аталған акция еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылмақ.

 

Акция мақсаты - аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.

 

Ұйымдастырушылар №6 Хромтау гимназиясы акцияға қатысуға шақырады. Өйткені әр бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек.

 

Акцияға қатысуға ниет білдірген тұрғындар №6 Хромтау гимназиясының 8(71336)27-7-47 телефон нөміріне хабарласа алады

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09