Құрметті Ата-Аналар!

№6 Хромтау гимназиясы 2013-2014 оқу жылынан бастап электронды оқыту жүйесіне енгендіктен «Жалпы білім беретін мектептерге түсу үшін құжаттарды қабылдау», және «Оқушылардың жеке санаттарына және жалпы білім беретін мектептердегі тәрбиеленушілерге тегін тамақтану үшін құжаттарды қабылдау» электрондық үкімет порталы арқылы
жүзеге асырылады.

Қызметті онлайн алу үшін

1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). 1-сыныпқа барған жағдайда, сондай-ақ бір білім ұйымынан басқасына ауысқанда электронды сұраныс жолын толтырып, ақпараттық жүйелерде жоқ құжаттардың скан-көшірмесін:

  • баланың туу туралы куәлігі (асырап алушы/қамқоршысы өтініш берген жағдайда);
  • сандық фотосурет (jpg, jpeg, 2 мегабайттан артық емес);
  • педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса) қажет.

3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
4. Білім беру ұйымдарына тіркеу туралы хабарламаны алғанда сізге келген мектепке мынадай құжаттардың түпнұсқасын ұсыну талап етіледі:

  • баланың туу туралы куәлігі (асырап алушы/қамқоршы өтініш берген жағдайда);
  • тұрғылықты жерінен анықтама;
  • ата-анасының жұмысынан анықтама;
  • педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса);
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-у, 063-у, медициналық паспорт);
  • білім алушының жеке ісі (бір білім беру ұйымынан басқасына ауысқанда);
  • жалпы білім деңгейін аяқтау туралы куәлік (10-сыныпқа түскенде).

Онлайн қызмет ЭБ АЖ енгізілген, білім беру мекемелерінің оқушыларына қол жетімді (барлығы 528 мектеп). Сіз мектептер тізімін осы тізім бойынша жүктей аласыз.
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүзеге асырылады. (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысы бойынша)
Бір ұйымнан екіншісіне ауысқанда құжаттарды қабылдау 1 тамыздан 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (оқу жылы бойында)

Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар)

  1. Директордың атына өтініш;
  2. Тұрғылықты жерінен анықтама;
  3. 3х4 см өлшемді баланың фотосуреті (2 дана.);
  4. Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
  5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-у, 063-у, медициналық денсаулық паспорты);
  6. Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса);
  7. Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама (заңды өкілдерінің);
  8. Асырап алу/қамқорлықты белгілеу туралы әкімнің шешімі (бар болса);
  9. Білім алушының жеке ісі (бір білім беру ұйымынан басқасына ауысқанда);
  10. Жалпы білім беру деңгейін аяқтау туралы куәлік (10-сыныпқа түскенде).

Қызмет көрсету нәтижесі
Білім беру ұйымына алу туралы хабарлама.

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09