Стандарт

№6 Хромтау гимназиясында Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жобасын талқылау бойынша семинар өткізілді.

Семинарға мектеп әкімшілігі мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Бастауыш сыныптары бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын, бастауыш мектепте критериалды бағалау жүйесін, Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын мектеп практикасына енгізу шарттары туралы аталып өтті. Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы және оған ықпал ететін факторлар туралы сөз қозғалды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты – бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылатынына назар аудара отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің даму үрдісін реттейтін құжат екенін айтылды.

Кез келген өмірлік жағдаяттарда өзінің танымдық үрдісін және мансабының жоғарылауын өз бетінше реттеу үшін өмір бойы білім алуға дайын болуы керектігін айтты. 

Бастауыш мектепте оқу мерзімі тұтас мектеп құрылымынан бөлек қарастырыла алмайтынын, сондықтан оқытудың жаңа құрылымы, мазмұны, тәсілдері ортақ мақсаттар мен міндеттерге: құндылықтарға, мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелерге, білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге бағындырылатынын тілге тиек етті. Бастауыш, негізгі және жоғары мектеп сабақтастығы барлық орта білім беру деңгейлеріне ортақ болып бекітілген білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер қамтамасыз етіледі деп көрсетті.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарттары жобасының негізгі ережелері, оның ерекшеліктері
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарттарының жобасын енгізу мониторингі
  3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалаужүйесі
  4. Педагог қызметкерлерді қолдау және оқытуды ұйымдастыру.

Гимназия директорының бастауыш сынып бойынша
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ельдесова Қ.Ж.

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09