Талдау

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Кіші педагогикалық кеңес

Өтілген күні: 18.01.2014 жыл
Қатысқандар саны - 45


Күн тәртібінде қаралаған мәселе:

  1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Пікірлер тыңдау.
  3. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау тобын құру туралы гимназия директорының бұйрығымен таныстыру.

Қаралды:

І мәселе бойыншагимназия директоры Мукашева Гүлмараш Орынбасарқызы:
2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!-деді елбасы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі бағыт-бағдарларға тоқталды. Ол бағыт-бағдарлар: инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу, дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру, мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салу, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру, аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құру, егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру, ғылыми қамтымды экономика құру, шетелдерден инвестиция тарту, ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру, инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету, логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту, жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, жалпықазақстандық мәдениетті дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу, мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу,мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру.

Шығып сөйлеушілер:
Әдіскер Жақсылықова Ш.Ж

Елбасы биылғы Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыс күтіп тұрғандығын атап өтті. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарланып,оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығын айтты. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігіне тоқталып, жалпы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс екендігін ескертті.Сонымен қатар 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігін айта отырып, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыра отырып,Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Балалар дәрігері Алтаев Абилқасым:
Мемлекет басшысының биылғы жолдауында тың мәселелер айтылған. Соның бірі денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселесін зерттеуді тапсырды. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі екендігін айта отырып, салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын 80 жастан да асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан медициналық туризмнің ең жетекші еуразиялық орталығының біріне айналатындығы көңілге қонарлық. Өз басым Елбасының көрегенді саясатын қолдаймын.

Кітапханашы Елеусизова Әлия:
Ұлт руханиятының алтын қазығы - қазақтың дана тілі - ана тілі. Тіл - мәңгілікке ұмтылған елдің басты діңгегі. Елбасы өзінің жолдауында Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғандығын, бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғандығын атап көрсетті.Сонымен қатар жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бабаларымыздың арманы болған Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ұлттық идеясын қолдай отырып, ел үшін, ұрпағымыз үшін аянбай еңбек етуге шақырамын.

Әлеуметтік педагог Нұртазина М:
Жолдауда мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөліп, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс екендігі және бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз екендігін айтып өтті. Иә елбасы айтқандай мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Сонымен қатар елбасы жолдауда мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырып, мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдіруді ұсынды.

Әскери жетекші Абдикешов Д:
Мемлекет басшысы аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыруды тапсырып, әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс екендігін атап өтті. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырды. Иә осы мәселе айтылып жатыр, нақты бір шешімге келетін кез келді. Өз елімнің патриоты ретінде жолдауды , «Мәңгілік ел» жобасын қолдаймын.

Тарих пәні мұғалімі Тлеуова Майра:
«Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі»-деді мемлекет басшысы. Елабысының көрегенді саясатының арқасында елімізде тыныштық орнап отыр. Әрбір елім , жұртым деген әрбір қазақ өз леі үшін өмір сүріп, еңбек етуі тиіс деп ойлаймын. Ата-абабамыз аңсаған бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға өз үлесімізді қосайық әріптестер.

ІІІ мәселе бойынша гимназия директоры Мукашева Гүлмараш Орынбасарқызы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау тобы туралы бұйрығымен таныстырды.

Шешім қабылданды:

  1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ата-аналар, оқушылармен талқылау.
  2. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау тобының жұмыс жоспарын құрып, бекіту.
  3. Ақпараттық бұрышты жабдықтау.

 

Кеңес төрайымы:           №6 ХГ директоры Мукашева Г.О
Хатшы:

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09