Біз елбасымен біргеміз!
Біз елбасымен біргеміз!
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жаңа Жолдауда Стратегияда нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет шаралар пысықталып, атқарылатын шаруалар айтылды. Әр жылғы Жолдау үнемі өзінің тереңдігімен және де халыққа аса қажет мәселелерге бағытталғандығымен ерекшеленеді. Биылғы жолдаудың басты ерекшелігі болашағы мызды бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін – Мәңгілік Ел идеясы. Олай болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруіне өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Алдағы уақытта тек қана бар күш-жігерімізді жұмсап еңбек ете берейік.
№6 Хромтау гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасаганбергенова Б.И