Болшаққа бағдар тренинг

Психологиялық сағат

Уақыты: 22.01.2019ж

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар».

Мақсаты: білім алушылардың өз кәсіби бағыттылығын анықтау.

Міндеттері:

  • Кейбір мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстыру.
  • Білім алушыларды болашақ мамандыққа даярлау.
  • Болашақ мамандықты таңдауға әсер ететін факторларды түсіндіру.
  • Болашақ мамандығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру.
  • Сыныптағы адамгершілік ахуалды жақсарту жұмысын жандандыру.

Қатысушылар: 9 «а» сыныбы

Жоспар:

  1. Жастардың еңбек нарығындағы ахуалы.
  2. Кәсіп, мамандық, қызмет.
  3. Мамандық таңдаудағы итермелеуші күш.
  4. Сергіту – ойыны. Жалпылама.

Дайындық кезеңі: Білім алушылар алдын ала тапсырмалар алды: қазіргі таңдағы мамандықтар туралы мәліметтер жинақтау, қандай да бір мамандық туралы сөз сөйлеу.

Қажет материалдар: ақ парақтар, жарнама хабарландырулары, көрнекі құралдары, мамандық таңдау бойынша әдебиеттер.

Жүргізген: Раимкулова Г.Ж.

Барысы

16-17 жаста болашақтағы мамандық туралы белсенді түрде ізденіс пайда болады. Ол таңдаудың сәтті болуы жасөспірім осы мамандықтар әлемімен қаншалықты таныс, болашақ еңбек әрекеті туралы қаншалықты хабардар осыларға байланысты болады.

Жас адам өзінің еңбегін ұсынады. Еңбек – ол өнім. Өнім – бұл қабілет, мүмкіндік, квалификация. Барлық материалдық дүниені адам өзінің еңбегімен табады.

Әр адам кәсіби маман болғысы келеді. Мамандықты таңдау барысында адамдар барлық мәселелерді ескеру қажет:

  1. Мекемеге, кәсіпорынға экскурсия (жұмыс орнын көру, еңбек шартын, жұмыс ерекшеліктерін көру, жұмыс темпін).
  2. Жұмыс істеп жүрген достарының тәжірибесін.
  3. Таныс адамдарының тәжірибесін (жұмыс оларға ұнай ма, жалақысы қанша).
  4. Ата-ана тәжірибесі ( сіз күнде олардың жұмысын бақылайсыз).
  5. Мамандардың жұмыстарын бақылау (мұғалімдер, дәрігерлер, сауда жұмыскерлері, көлік жұмыскерлері, артисттер және т.б.).
  6. ЖОО-да және ООО-да ашық есік күніне қатысу.
  7. Өзіңнің жеке тәжірибең (кәсіби практика, үйірмелерде жұмыс, әдебиеттер оқу, бағдарламалар қарау).

«Кәсіп» сөзін айтқан кезде көз алдымызға не елестейді? Кәсіп – сөзі көп мәнге ие:

  • Белгілі-бір еңбек түрімен айналысатын адамдардың жиынтығы.
  • Қоғам үшін қажет және адамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет физикалық және рухани күш жұмсалатын сала.

Егер сөздікке жүгінсек, «кәсіп» сөзі «көпшіліктің алдында сөйлеу» дегенді білдіреді.

Ал Америкалық тұрғыда «кәсіп» сөзін қарастырсақ, жұмысты тамаша орындау, шеберлік пен квалификацияның жоғары деңгейін білдіреді.

«Кәсіп» сөзімен қатар басқа терминдер де аталып отырады.

«Мамандық» сөзі адамның білімі мен білігін белгілі-бір сала бойынша үздік етуге талпыну.

Мысалы, кәсібі – дәрігер. Мамандығы – стоматолог, хирург. Белігілі-бір сала бойынша мамандық – нейрохирург.

Осылайша, кәсіп – бұл бір-бірімен жақын мамандықтардың тобы.

Беәне таспа «Қазақстандағы ең қажет мамандықтар»

Талқылау.

Жаттығу. Тізімнен мамандықтарды атау: токарь, хирург, мектеп директоры, пианист, оқытушы, столяр, монтажник, суретші, тоқымашы.

Жаттығу. Тізімнен кәсіпті таңдау: мұғалім, тасты қашаушы, токарь, кітап сатушы, инженер, шаштараз, жүргізуші, тігінші, аспаз, тарих пәнінің мұғалімі.

Осы кейбір мамандықтармен біз қазір танысамыз.

Философтар айтқандай тұрақты еш нәрсе жоқ. Барлығы ағады, барлығы өзгереді. Әр кәсіп , жойылу қасиетіне ие, және қайтадан жаңғырып жаңа мазмұнға ие. Өткен шаққа кеткен кәсіптер ат қосшы, жіп иіруші.

Сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болуда. Кейбір кәсіптер жаңа толықтырылған мазмұнға ие: олар дизайнерлер, басқару саласындағы кәсіп.

Балалардың жаңа мамандықтар туралы жауаптары.

Бейне таспа «Заманауи мамандықтар».

Тақлқылау.

Кәсіп таңдау күрделі іс. Адам кәсіп таңдағанда маңызды таңдау жасайды. Тұжыммен келіссен «ия», келіспесең «жоқ» деп жауап бер.

  • Кәсіп бір рет және мәңгілікке таңдалады.
  • Кәсіп таңдау әмиәннің қалыңдығына байланысты.
  • Қай кәсіпте үздік боласың, соны таңдау керек.
  • Кәсіп адамға тумысынан беріледі.
  • ЖОО-ның атауынан ақ білуге болады, ол кімді даярлайтынын.
  • Кәсіпті ата-налар, достарыңның білімдеріне сүйене отырып таңдауға болады.
  • Кәсіпті ересек болғасын таңдау керек.
  • Жақсы білім алу үшін болашағы зор ЖОО-на бару керек.
  • Егер сенде ақша болса, онда саған кәсіби бағдарлау қажет емес.
  • Психолог – кәсіп таңдауда көмекші емес.

(шын мәнінде барлық тұжырымдар жалған.)

Санап көр, жалған тұжырымдардың нешесімен келіскенінді.

Егер бір де бір төжырыммен келіспесең, сенің кәсіп туралы білімін тамаша жоғары деңгейде.

3-5. саған сенімділік пен кәсіпті қалай таңдау қажеттігі жөнінде ақпарат жетіспейді.

7 және одан көп. Сұраққа шын жауап беруге тырыс: «Неге маған өзіме жауапкершілікті алу қиын?». Осы сұраққа жауап берсең, мүмкін өзбетінше болуды үйренерсің.

Сонымен, бұл сұрақнама арқылы кәсіп таңдау адам өміріндегі маңызды іс екеніне көз жеткізіп отырмыз.

  • Кәсіпті дұрыс таңдау үшін, оны таңдау шарттарын білу керек:
  • Өзіңнің кәсіби   қызығушылықтарыңды және әуестіктеріңді, кәсіп туралы армандарынды анықтау ( Ориентир сауалнамасы).
  • Өзіңіздің кәсіби маңызды қасиеттеріңізді анықтау қажет: қабілет, денсаулық жағдайын, мінез, темперамент және т.б. немесе қарапайым түрде айтқанда бұл «Мен істей аламын» дегенді білдіреді. (Қолымнан келеді сауалнамасы).
  • Жұмыс берушеілерде қандай кәсіптер сұранысқа ие, қай мамандық қажет қазіргі таңда.

(Хромтау аудандық жұмыспен қамту орталығынын мәліметтері).

Кәсіп таңдау формуласы: Қалаймын + Істей аламын + Қажет

Сіздердің қызығушылықтар саласын анықтауға кәсіптерді классификациялауға арналған академик Е.Климовтың сауалнамасы көмек бере алады:

  • Адам – техника (Т)
  • Адам – адам (А)
  • Адам – табиғат (Таб)
  • Адам – белгі (Б)
  • Адам – көркем өнер (К)

Сергіту – ойыны: кәсіптер типтері.

Мен кәсіптерді атаймын , ал сіздер олардың типтерін атауларыңыз керек.

А – Г: аяғымызбен жерді дүрсілдетеміз.

А – А : оң жағында, сол жағында отырған адамның қолын алу.

А – Т: орындарынызды ауыстыру.

А – Б: тұру – отыру.

А – К: қол соғу.

«Кім екенін тап» ойыны.

Мәні: білім алушыларға өз бейнелерін бір-бірінің көзқарасына сүйене отырып, әртүрлі кәсіптерге сәйкестендіру. Ойын шеңберде өтеді.

Мен сіздерге кәсіптерді атаймын ал сіздер бірнеше секундтың ішінде ол кәсіп қай оқушы сай келетінін айтуларыңыз керек.

Сонымен сіздер кәсіп әлемі туралы ақпарат алдыңыздар. Көпшілігіңіз ойлануларыңыз керек, өз мінез-құлықтарыңызды, қабілеттеріңізді кәсіп таңдауда қалай жақсы пайдалануға болатынын.

Ең бастысы, кәсіп таңдау ол сіздің таңдауыңыз, және ол сіздің тағдырыңызға әсер етеді. Кәсіп адамға қанағат әкеліп, сіздің мүмкіндіктеріңізді максималды түрде қамтамасыз етуі керек.

Жаман кәсіп пен жақсы кәсіп болмайды, жаман және жақсы жұмыскер болады.

№6 Хромтау гимназиясы

Психологиялық сағат

Тақырыбы: «Біз және мамандық»

9-сынып

Психолог: Раимкулова Гүлжан Жұмалықызы

2019 жыл

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09