Ауа-райы. Бұйрық.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
«№6 ХРОМТАУ ГИМНАЗИЯСЫ»ММ
031100, Хромтау каласы
Әуезов көшесі 12б Факс: 8 (71336) 27-7-52 Тел: 8 (71336) 27-7-40 E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
|
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ГУ «ХРОМТАУСКАЯ ГИМНАЗИЯ №6»
031100, город Хромтау
улица Ауезова 12б
Факс: 8 (71336) 27-7-52
Тел: 8 (71336) 27-7-40
E-mail:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
|
Бұйрық № 215 н/қ
06.12.2013 ж.
Қысқы мезгілде төмендегі температура
режимінде сабақты өткізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегі N19 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңын, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 06.12.2013 жылғы № 701 бұйрығын және оқу жылының қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Ауданның климаттық жағдайына байланысты желдің жылдамдығын есепке ала отырып, төмендегі шекті температурада мектепте сабақты өткізу тоқтатылсын:
р/с |
Сабақ тоқтатылады |
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ауа райы желсіз немесе орташа желдің жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда |
|||
1 |
1-4 кластарда |
t-30С және төмен болғанда |
t-29С және төмен болғанда |
2 |
1-9 кластарда |
t-33С және төмен болғанда |
t-32С және төмен болғанда |
3 |
10-11 кластарда |
t-36С және төмен болғанда |
t-35С және төмен болғанда |
Желдің жылдамдығы секундына 5 метрден немесе оданда жоғары болғанда |
|||
4 |
1-4 кластарда |
t-28С және төмен болғанда |
t-27С және төмен болғанда |
5 |
1-9 кластарда |
t-30С және төмен болғанда |
t-29С және төмен болғанда |
6 |
10-11 кластарда |
t-35С және төмен болғанда |
t-34С және төмен болғанда |
Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін болғанда |
|||
7 |
1-4 кластарда |
Температураға қарамастан |
Температураға қарамастан |
8 |
1-9 кластарда |
Температураға қарамастан |
Температураға қарамастан |
9 |
10-11 кластарда |
Температураға қарамастан |
Температураға қарамастан |
2. Мекеме ішіндегі сыртқы температуралық тәртіпті қадағалау үшін жауапты етіп директордың шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары Жұмамұратова Гүлсім белгіленіп, кезекшілік құрылсын.
3. Температуралық тәртіпке сәйкес сабақтың болмайтындығы дер кезінде хабарланып, ата-аналарға, оқушыларға класс жетекшілер түсінідіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау гимназия менеджері Буккарина А.Б жүктелсін.
Гимназия директоры: Мукашева Г.О