Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарлама

«№6 Хромтау гимназиясы» КММ әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылықкеңес - «№6 Хромтау гимназиясы» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/71336/ 21-6-52;8/71336/ 21-6-51

Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысының м.а Н.Калниязова
Ұялы тел: 8(705)9182023

Электрондық почта:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Шығыс 04.01.2018 жыл

№622/1

 

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09