Жоғарғы оқу орнымен мектеп арасындағы ынтымақтастық

1

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ҒИЖ проректоры т.ғ.д.,профессор Р.А.Бекназаров бастаған десанттық топ 2017-2018 оқу жылында Ақтөбе облысы аудандарындағы кәсіби бағдар беру жұмысының және үздіксіз білім беру институтының өткізетін іс-шаралары жоспарын жүзеге асыру мақсатында,№6 Хромтау гимназиясынан «Қазақ әдебиеті»кафедрасының және «Тарих және дінтану» кафедрасының филиалдары ашылып, екі жақты шартқа қол қойылды.Жоғары және орта білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығының тиімділігі: Қазіргі оқу орындардың алдында тұрған екі жақты өзара тиімді ынтымақтастық жаңа технологияларды меңгеру, оқытудың белсенді түрлерін енгізу, білім алушылардың сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау сияқты міндеттерді шешуге үлесі зор. «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығы мұғалімнің инновациялық қызметін, оның кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал етеді.

Гимназияның бейіндік оқыту жағдайларында оқу жоспарының кәсіптік бағытталған арнайы курстары мен элективті оқу бағдарламаларын бейіндік циклдер бойынша математика, физика, биология, тарих,информатика арнайы,элективті курстарды, гимназия педагогтарымен қатар ЖОО оқытушылары жүргізеді. Ондай курстар бір жағынан төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  • жаңашыл-мұғалімдердің идеяларын инновациялық режимде қабылдау;
  • идеяларды дамыту негізінде өз әдістемесін, технологиясын шығару;
  • Екінші жағынантаңдау бойынша элективті курстар білім алушылардың ҰБТ-ке,пәндік олимпиадаларға нәтижелі дайындалуларына жәрдемдесу;
  • Тағы бір бағыт – білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік ету;
  • ғылыми-зерттеуқызметіне қабілеті және бейімділігі жоғары оқушыларды анықтау әрі үйрету;
  • оқу үрдісінде білім алушылардың логикалық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін вариациялық тапсырмалар жүйесін қолдану;
  • оқушыларды зерттеу жұмысы дағдыларына бірлесіп үйрету (тақырып таңдау, мақсат, міндет, әдебиеттерді талдау, зерттеу бөлігі, ғылыми стиль, баяндама);
  • білім алушылар баяндамаларын ғылыми конференцияларға, нтеллектуальды конкурстар мен фестивальдарға ұсыну;
    Бейіндік білім берудің мазмұны мен парадигмасын жаңартудың қазіргі жағдайларында білім беру-тәрбие үрдісі бұрынғыдай мұғалім мен білім алушының өзара әрекетін көрсетеді. Сонымен қатар мектеп пен ЖОО-ның ынтымақтастығы орта және жоғары білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді, білім алушылардың білімдік деңгейін көтереді және оның жеке тұлға ретінде даму диапазонын кеңейтеді.

фотогалерея 

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09