«Мен - қазақпын, жан Отан, бел балаңмын»

«Мен - қазақпын, жан Отан, бел балаңмын»

№6 Хромтау гимназиясында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сен-қазақсың» тақырыбында ұлттық тәрбие бағытындағы кітапханалық жоба құрылды. Жоба тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 оқырман қадамынан тұрады. Гимназия директоры Г.О.Мукашованың қолдауымен қаңтар айынан басталған жоба аясында ең басты құндылығымыз - ұлттық тәрбие, мәңгілік ел болу идеясына арналған ондаған қадамдар жасалынды.

Жобаның 11- қадамы 12 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге өткен «Мен - қазақпын, жан Отан, бел балаңмын» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция. Конференция ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына, Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналды.

Конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, аудандық кітапхана, аудандық «Хромтау» газеті редакциясы қызметкерлері шақырылды.

Шараның мақсаты өткен тарихымызды еске алып, санада екшеп, сараға салу, тарих тұңғиығына тереңдеу, жас ұрпақ үшін халқымыздың жүріп өткен жолындағы тарихына сәуле түсіру, назарын аудару.

Конференцияның бірінші бөлімінде «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры, т.ғ.д.Р.А.Бекназаров, «Ә.Бөкейхановтың қазақ ғылымына қосқан үлесі», Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы, т.ғ.к. Мәден А.Т., «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Отан тарихындағы жаңаша көзқарас» тарих магистрі, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы Байшов Б.Б. ғылыми баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар ауданымыздың тұрғыны желтоқсан көтерілісінің куәгері Өтебике Малдагарина, ұлт жанашыры, ата-ана М.Баймағанбетовтің тағылымды сөздері тыңдалды. Тақырыпқа байланысты гимназия мұғалімдері Г.Ж.Даутова, Д.К.Карагулова, кітапхана меңгерушісі А.М.Елеусизовалардың қосымша баяндамалары тыңдалды.

Конференцияның екінші бөлімі «Идеялар панорамасында» ата-бабалар арманы азаттық болып, сол арманына жетіп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырған еліміздің болашағы - жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру төңірегінде болып, оқушылар өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салды.

Қорытынды бөлімінде гимназия оқушыларының аталған тақырыптарда зерттеу, шығармашылық жұмыстарының көрмесі тамашаланды. Республикалық Ә.Бөкейханға арналған қашықтық олимпиадасына қатысып, II,III- дәрежелі Дипломдарға ие болған оқушылар марапатталды.

Конференцияны ұйымдастырып, өткізуге белсене қатысқан мұғалімдер облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Алғыс Хаттарымен» марапатталды.

Ел, дүние жүзі көлемінде аталып өтіліп жатқан тарихи өзекті атаулы тақырыптардың конференцияда кеңінен талқылануы жас ұрпаққа ой саларлық, ұлттық рухын оятарлық шара болды.

-----------------------------------

Конференция 

На базе библиотеки гимназии №6 при поддержке директора гимназии Г.О.Мукашевой был организован библиотечный проект «Сен-қазақсың», посвещенный 25-летию Независимости Республики Казахстан. В нем ценным является национальное воспитание, пройденное 10 шагами по идее мәңгілік ел. (1 шаг-1 мероприятие)

12 марта совместно с Актюбинским областным научно - практическим центром прошла научно-практическая конференция «Мен-қазақпын, жан Отан, бел балаңмын».

Данная конференция была посвящена 100-летию национально - освободительного восстания; 150-летию со дня рождения Ә.Бокейхана и 30-летию Декабрьского восстания.

Цель конференции: обратить внимание подрастающего поколения на пройденный исторический путь народа и углубленно изучать и знать историю своей страны.

Конференция состояла из 2-х частей. Научная часть конференции была открыта выступлением и докладами профессора Р.А.Бекназарова и кандидатов исторических наук А.Т.Маден и Б.Б.Байшова университета имени К.Жубанова города Актобе. Яркие их выступление по вышеназванной теме оставили большое впечатление у участников конференции. Затем слово для выступления было дано очевидцу Декабрьского восстания, жительнице Хромтауского района Молдагариной Отебике и родителью гимназии №6 М.Баймаганбетову. Содокладчиками по данной теме были учителя гимназии Г.Ж.Даутова и Д.К.Карагулова, а так же библиотекарь А.М.Елеусизова.

Вторая практическая часть конференции открылась «Панорамой идей», где учащиеся гимназии делились своими волнующими их идеями и мнениями, говорили о том, что путь к Независимости был не из легких. Целью этой части конференции была-патриотическое воспитание. Цель была достигнута, потому что каждый выступающий учащийся говорили с гордостью, сопереживанием за свою страну.

В заключении проводилась выставка исследовательской и творческой работы учащихся. Учащиеся – участники Республиканской дистанционной олимпиады, посвященной Бокейханову, были награждены Дипломами II, III степени.

«Благодарственным письмом» областного научно-практического центра были награждены учителя за активное участие в организации и проведении конференции.

Конференция явилось тем мероприятием, которое пробуждает в каждом подрастающем поколении национальную гордость за страну. Как говорится из малого вырастает великое, так и эта конференция является стимулом не только республиканского но и международного уровня.

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09