Е-learning

Құрметті ата-аналар!

Е-learning бағдарламасы электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы болып табылады. 2013-2014 оқу жылы біздің гимназиямыз электронды оқыту жүйеге енгізіледі.

Е-learning электрондық оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша 2010 жылдан бері іске асырыла бастаған. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі, сондықтан оны жүзеге асыру Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртудағы маңызды қадамы болмақ.

Электрондық оқыту жүйесі 4-10 Мбит/с жылдамдықты құрайтын кеңжолақты Интернет желісі арқылы жүзеге асырылады.

Е-learning жаңа жүйе енгізілгенде гимназиямызда сымсыз Wi-Fi желісі жұмыс істейтін болады, заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивтік және мультимедиялық проекторлар, планшеттер мен классмейттер орнатылады.

Е-learning жүйесі қазақстандық білім беру жүйесін жаңартудың түбегейлі жаңа бағыты болып табылады. толығырақ

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09